Елімізде пәтер жалдау құны жыл басынан бері 14 пайызға қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы айда бір шаршы метрінің құны үшін 1,9 мың теңгеге жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны қымбаттап барады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйек айында жалдау ақысы 2,5%-ға артып, бір шаршы метр үшін 1,9 мың теңгеге жетті, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 14,1%-ға өсті.

Бастапқы тұрғын үйлер күздің алғашқы айында 0,7%-ға көтеріліп, шаршы метрі 346,1 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үй құны жыл басынан бері 18,2%-ға, яғни 275,9 мың теңгеге дейін өсті. Бір ай ішінде баға 1%-ға жоғарылады.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдерінің саны жыл басынан бері екі есеге жуық өсті.