Қазақстанда 40-қа жуық адам COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте 2 063 адам ковид инфекциясын жұқтырды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағында 5 қазан күнгі ақпаратқа сәйкес 33 адам коронавирустан, тағы 6 адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирустан қайтыс болғандар:

  • Алматы қаласы - 6.
  • Ақмола облысы - 4
  • Павлодар облыс - 4
  • Шымкент қаласы - 3
  • Қарағанды облысы - 3
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Атырау облысы - 2
  • Шығыс Қазақстан облысы - 2
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 2
  • Қостанай облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Жамбыл облысы - 1

Ал Маңғыстау, Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде 2 063 адамнан ковид инфекциясы анықталса, 2 646 науқас емделіп шықты.