Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 39 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

135 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгісі бар пневмониядан 39 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

5 қазанға дейінгі жағдай бойынша Қазақстанда 58 383 адам коронавирустан емделіп жатыр (50 486 КВИ+ және 7 897 КВИ-). Олардың ішінде 10 066 науқас – стационарда, 48 317 адам үй жағдайында ем алуда.

Коронавирус пен пневмония жұқтырған науқастар арасында:

  • 732 науқастың жағдайы ауыр
  • 223 науқас аса ауыр халде
  • 135 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.