Коронавирус пен пневмониядан тағы 49 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда 139 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

29 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оның 42-сі КВИ инфекциясынан, 7-еуі пневмониядан көз жұмған.

1 қазандағы мәлімет бойынша, 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (–52 309 + және 8 348 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 210 пациент стационарда, 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 805 адамның жағдайы ауыр,
  • 221 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.