Тоқаев қазақстандық ғалымға мемлекеттік награда берді

Автор: Azattyq Rýhy

Майдан Сүлейменов - заң ғылымдарының докторы, профессор

Майдан Сүлейменов, фото: advokatura.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен ғылыми және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

«Барыс» ордені Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі.