Еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер бейсенбі, яғни 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай бақыланады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай бақыланады.
Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, түнде және таңертең шығысында тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.