Елімізде пандемия басталғалы пневмониядан 4,8 мыңнан астам адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

26 қыркүйекте бұл індеттен тағы 10 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда пандемия басталғалы пневмониядан 4800-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«26.09.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 220 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 408 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 75536, 4817 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 62200-ге жетті.