Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының жаңа екі мүшесі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына; Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.