6,4 млн адам вакцинаның екі компонентін де алды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 7,5 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 27 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 524 609 адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 408 099 адам.
Өңірлер арасынан екпе салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр.