Дегенмен, індет салдарынан өткен тәулікте 47 адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі 26 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 36 адам қайтыс болды.
26 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 283 адам коронавирус инфекциясынан (–55 396 + және 8 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 261 пациент стационарда, 53 022 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
900 адамның жағдайы ауыр,
226 пациенттің жағдайы өте ауыр,
143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша 187 жаңа жағдай тіркелді, 143 адам жазылып шыққан, 11 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
науқастар саны – 75 273;
өлім жағдайы – 4795;
барлығы 61 591 адам сауығып шықты.