Жаңа құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс етi мен 3,5 млн жұмыртқа өндiрмек
Солтүстік Қазақстанда 5,4 млрд теңгеге бройлер құс фабрикасы салынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елiмiздiң мал шаруашылығында ең көп жобаларды жүзеге асырып жатқан Солтүстік Қазақстан облысы. Осының арқасында ет өндiру көлемi 1,6 есеге, 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейiн өседi.
«Аққайың ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы жобаларының құрылыс барысын тексердiм. Аралағаш ауылының жанында үлкен бройлер құс фабрикасы салынуда. Қазақстандық компания 5,4 млрд теңге инвестиция құюда. 168 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жаңа құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс етi мен 3,5 миллион жұмыртқа өндiретiн болады», - деді өңiр басшысы.
Жалпы, биыл облыстағы 128 ауылды жаңғыртуға 18,6 млрд.тг бағытталды.