ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

«Жастар театры» елордалықтарға кезекті қойылымын ұсынды

Іс-шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті

«Жастар театры» Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кезекті қойылымын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгінгі спектакль Т.Миннулиннің ерекше қойылымы десек болады. Бұл – театр ашылған 2007 жылы ең алғаш қойылған спектакльдердің бірі. Содан бері көрерменнің көзайымына айналды. Бұл спектакль комедия жанрында. Барлық жасқа арналған. Комедия болғаннан кейін халық сүйіп көретін спектакльдердің бірі», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Жастар театрының» актері Азамат Есқұл.

Қойылымның қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

«Халық театрды қатты сағынып қалғаны байқалады. Сондықтан бүгін қойылымға біраз адам жиналды. Театрымызға келген көрермен қошемет көрсетіп, ыстық ықыласын білдіріп жатты», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Жастар театрының» актрисасы Айман Есен.

Іс–шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.

Қазір театр маусымының ашылуына байланысты мұндай шаралар елорданың барлық мәдениет ошақтарында өтіп жатыр. Іс-шаралар кестесін театрлардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.