Коронавирус пен пневмониядан тағы 62 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір ауруханада жатқан 239 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

21 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 62 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оның 53-і КВИ инфекциясынан, 9-ы пневмониядан қайтыс болған.

23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан (–57 473 + және 8 742 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 962 адамның жағдайы ауыр,
  • 239 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.