Елордада оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті мас күйде болған

көрнекі сурет

21 қыркүйек сағат 19:21-де «102» пультіне Рысқұлбеков көшесінде (Нұр-Сұлтан қаласы) белгісіз ер адамның кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені жайлы хабарлама жеткен.

Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері жіберіліп, кешқұрым уақытта мас күйде болған ер адамның мектептен қайтқан оқушы қызға тиіскені анықталған.

Аталған факті бойынша күдікті ретінде 25 жастағы ер адам ұсталды. Медициналық тексерісі нәтижесі бойынша, күдіктінің орташа ауыр деңгейде мас болған. Ол бұрын қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылмаған, Ішкі істер органының тізімінде болмаған.

Қазір тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.