COVID-19: Қазақстанның 3 өңірі «жасыл» аймақта

Автор: Azattyq Rýhy

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша үш өңір «жасыл» аймақта, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;

«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.