Жол-көлік апаты бүгін таңға жақын сағат 3-тен 40 минут кеткенде болған
Петропавлда жеңіл көлік бағдаршам бағанына соғылып, бір адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Петропавл қалалық полициясы басқармасы.
«Toyota Avensis» жеңіл көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағдаршам бағанына соғылған. Жарақат алған екі жолаушы бірден облыстық аураханаға жеткізілді. Алайда, олардың біреуі емдеу мекемесінде көз жұмды. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты материал жинап жатыр.