Коронавирус статистикасы: Өткен тәулікте 56 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қостанай және Түркістан облыстарында коронавирустан өлім-жітім болмады

 

фото ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

17 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 56 адам – коронавирустан, тағы 5 адам – пневмониядан қайттыКоронавирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі Алматы қаласында – 14 науқас. Шымкент қаласында – 6, Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында – 5, Ақмола және Алматы облыстарында – 4, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында – 3, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында – 2, Қарағанды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында – бір адамнан көз жұмған.