Түркістан және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады
16 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 59 адам – коронавирустан, тағы 15 адам – пневмониядан қайтқан. Коронавирустан қайтыс болғандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 12 науқас.
Алматы қаласында – 10, Қызылорда облысында – 8, Ақмола облысында – 6, Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында – 5, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстарында – 2, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында – бір адамнан.