Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр
Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысуда.
ҚР Президентінің осы сапарында бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланған.
Еске салайық, 23 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысып, онда мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады.