15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің бірнеше өңірінде түнде 3 градус үсік болады

 

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР басым бөлігінде, антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел екпіні күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады.

«Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау,  Атырау,  Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында  төтенше өрт қауіпі сақталады», - делінген хабарламада.