Филиппинде тайфуннан 16 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тайфун салдарынан 1551 адам зардап шегіп, 1654 адам эвакуацияланды

Фото: cnn.com

Филиппинде тайфуннан кем дегенде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Урсула тайфуны сейсенбі күні мемлекеттің шығысындағы Самара провинциясынан басталып, қатты жаңбыр мен дауылдың пайда болуына алып келді. Бірінші дәрежелі дауылдың тұрақты жылдамдығы сағатына 150 км-ді құрады. Одан кейін тайфун Висайи аралы арқылы батысқа қарай бет алды. 

Тайфун салдарынан 87 қалада электр жарығы өшіп, ағаштар мен үйлер құлады. Филиппиннің табиғи апаттармен күрес бойынша ұлттық агенттігінің хабарлауынша, тайфун салдарынан 1551 адам зардап шегіп, 1654 адам эвакуацияланған. Ал тайфун басталмас бұрын эвакуацияланғандар саны 58 400 адамды құрайды.