Оның бұл шешіміне мемлекеттегі наразылық шерулері әсер еткен
Ирак президенті Бархам Салех отставкаға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, Салехтің бұл шешіміне мемлекеттегі жаппай наразылықтар әсер еткен.
«Саяси және парламенттік қызмет халықтың мүддесіне сай болу керек», — деп жазды ол.
Сонымен қатар Салех мұндай шешімді қабылдауға жаңа премьер-министрдің кандидатурасына қатысты келіспеушіліктер де әсер еткенін айтты.
Бұған дейін Ирак парламенті наразылыққа шыққан халықтың талаптарын қолдап, сайлау туралы жаңа заң қабылдаған болатын.
Айта кету керек, Ирактағы жаппай наразылық шерулері қазан айынан бастап болып жатыр. Халық парламентті таратып, қайта сайлау өткізуді талап етуде. Ал Бархам Салех 2018 жылдың қазан айынан бастап президент болды. Бұған дейін ол үкіметті басқарды.