Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін – Отбасы күні

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ол өзінің Тwitter-парақшасында жазды.  

«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», - деді Мемлекет басшысы.