Бас санитар дәрігердің қаулысы: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте карантин шаралары жеңілдетіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қаулы 13 қыркүйек түнгі сағат он екіден бастап күшіне енеді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

ҚР бас санитар дәрігері карантин шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмауға тиіс.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қамтамасыз етуге тиіс:

  • жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуды;
  • ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
  • қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
  • ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
  • өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;
  • спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантин шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі.

Қаулы 2021 жылғы 13 қыркүйекте түнгі сағат он екіден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.