Берік Имашев 2016 жылдан бері Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымын атқарып келеді
Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, Берік Имашев 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды. Оған дейін Әділет министрлігін басқарған. Орталық сайлау комиссиясы төрағасы өкілеттігінің мерзімі - 5 жыл.
Орталық сайлау комиссиясы комиссияның төрағасынан және алты мүшесінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның отырысында сайланады.