$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 09:19
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты

Ол 20 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан

Нұр-Сұлтан қаласында өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Бүгін шығарып жатқан науқасымыз Асхат Отызбаев 25 шілдеде ауруханамызға келіп түсті. Үшінші күні тыныс алуы қиындап, жағдайы нашарлап кетті. Сол кезде тағы компьютерлік томография жасап тексердік, өкпесі 100 пайыз зақымданып кеткен екен. Соған байланысты оны реанимация бөліміне ауыстырдық. 20 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, жағдайы жақсарған соң бүгін үйіне шығарып салдық», - деді №3 Көпбейінді қалалық ауруханасының пульманолог-дәрігері Сапаркүл Бердешова-Абильдаева.

Дәрігерлердің айтуынша, Асхаттың жағдайының тым нашарлап кетуіне оның вакцина алмағаны себеп болған. Себебі, науқастың жасына қарамастан егер ол екпе алса ауру жеңіл өтеді және вакцинацияланғандар арасында жансақтау бөліміне түсетіндер саусақпен санарлық, дейді ақ халаттылар.

«Ауруханаға түскен кезде жүре алмайтынмын, тіпті сөйлеуге мұршам болмады. Қазір өзім жүріп-тұрып, сөйлеп отырмын. Дәрігерлерге алғысым шексіз!» - дейді коронавирус инфекциясымен ауырған науқас Асхат Отызбаев.

Серіктес жаңалықтары