Суға кеткендердің арасында 8 бала бар
Атырау облысында жыл басынан бері 26 адам суға кеткен, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Атырау қаласында, Жылыой мен Құрманғазы ауданында тәулік бойы кезекшілік атқаратын 3 суда құтқару стансасы бар. Мұнда 11 кәсіби құтқарушы жұмыс істейді.
«Жыл басынан бері өңірдегі су айдындарында суға батқан 26 адам қайтыс болды. Оның ішінде Атырау қаласында – 12, Жылыой ауданында – 5, Махамбетте – 4, Құрманғазыда – 3, Индер ауданында 2 адам жантәсілім етті. Суға кеткендердің арасында 8 бала бар. Жедел құтқару жасағының көмегімен 1 ересек адам мен кәмелетке толмаған 2 жасөспірім құтқарылды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.