ДСМ: Pfizer вакцинасы баланың ата-анасы келісімімен ғана салынады

Автор: Azattyq Rýhy

ДДСҰ бірнеше вакцина түрін 12-18 жас аралығындағы балаларға егуге нұсқаулық берді
 

фото ашық дереккөзден алынды

Мектеп оқушыларына Pfizer вакцинасы оқушының ата-анасы келісімін бергенде ғана салынады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy

«Елімізге балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина келген жағдайда ол баланың ата-анасының келісімімен ғана салынады. Қазір әлемде бірнеше вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-18 жас аралығындағы балаларға егуге нұсқаулық беріп отыр. Оның бірі – Pfizer вакцинасы. Ол елімізге келгеннен кейін алдын ала халыққа жарияланып, медицина мамандары дайындықтан өткізіледі», - деді.