Инфекциялық төсек-орындардағы адам саны 20 пайызға азайған
Елімізде коронавирус жұқтырып, сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy тілшісі.
«Кейінгі екі аптада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», - деді Шоранов ОКҚ брифингінде.
Марат Шорановтың сөзінше, соңғы айда коронавирустың таралу индексі республика бойынша 17 пайызға төмендеді. Ал инфекциялық төсек-орындардағы адам саны 56 пайыздан 36 пайызға азайған.