Ол ешқандай делдалсыз, жалғыз жұмыс істеген
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері гашиштің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Глубокое ауданының 26 жастағы тұрғынын ұстады.
«Күдіктінің «Nissan» маркалы автокөлігінен жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 24 полимер түйіншек табылды. Сондай-ақ оның үйі мен моншасын тінту кезінде изолентамен оралған осындай 59 түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл «Гашиш» есірткісі. 100 дозаның жалпы салмағы 408,2 грамм. Оның «қара нарықтағы» бағасы – 664 мың теңге», - деді басқарма бастығы Нариман Күлдіков.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.