Jusan Bank пен АТФБанк толықтай бірікті

Автор: Azattyq Rýhy

Тараптар табыстау актісіне қол қойды

көрнекі сурет

Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. Тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде ресімделуі болды.

Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің  бірлескен жалпы жиналысында қабылданды.

«Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды. Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Екі банктің командалары АТФБанк клиенттерінің Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауысуы барынша жайлы болу үшін бар күшін салды, - дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайды. 

Тегтер: