Оралда вакциналау паспортын сатқан медицина қызметкері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тапсырыс берушілердің дені – мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған вакциналау паспортын жасау дерегі бойынша еліміздің 13 өңірінде сотқа дейінгі 26 тергеу ісі басталды. 86 адамға қылмыстық жауапкершілік жүктелмек.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкерінің вакциналау паспорттарын қолдан жасағанын анықтады.

Медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Вакцинация» электрондық модулінде вакцинацияны алғаны туралы белгілер журналына көрінеу жалған мәліметтер енгізген.

Осылайша, 15-тен астам адамға коронавирусқа қарсы жалған электрондық паспорттары берілді.

Тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі – мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.