Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 91 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 201 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

4 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 91 адам қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Оның 72-сі КВИ инфекциясынан, 19-ы пневмониядан қайтқан.

6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (–85 418 + және 7 596 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 491 адамның жағдайы ауыр,
  • 425 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.