Пәкістандағы жарылыс кезінде 3 адам қаза болып, 20 адам жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Пәкістанның ІІМ лаңкестікке қарсы департаменті жариялады

фото ашық дереккөзден алынды

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының бақылау-өткізу пунктінде бомба жарылып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Geo News телеарнасы.

Мерт болғандардан бөлек, тағы 20 адам жарақат алған. Бұл туралы Пәкістанның ІІМ лаңкестікке қарсы департаменті жариялады.

Мотоцикл мінген ер адам бақылау-өткізу пунктінде полиция көлігін қағып кеткен. Көлік құралына орнатылған бомба соққы кезінде жарылған.

Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Жарылыс болған жерде қылмыстық істі тексеру жұмыстары басталды.