Қытайдағы жол апатынан 15 адам қаза болды

Автор: Azattyq Rýhy

Апат себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр

фото ашық дереккөзден

Қытайдың солтүстік -шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында ірі жол апаты болып, 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады.

Қайғылы оқиға Ресей шекарасынан жақын жерде, Боли ауданында болған. Ауыр салмақты жартылай тіркеме мен трактор соқтығысқан.