Әскербек Халтонов Шахтинск қаласының әкімі болып 2021 жылы сәуірде тағайындалды
Әлеуметтік желілерде Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтоновқа қатысты сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Қарағанды облысының әкімдігіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде Әскербек Халтоновқа қатысты соталды тергеу жүріп жатыр деген ақпарат тарады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, 2018 жылы тексеру жүргізілгенін, оның барысында қаржылық заңбұзушылықтар анықталмағанын хабарлаймыз», - делінген әкімдікте.
Әскербек Халтонов Шахтинск қаласының әкімі болып 2021 жылы сәуірде тағайындалды. Оған дейін Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы лауазымын атқарған.