Еліміздің оңтүстік-шығысында және батысында жаңбыр жауады
Синоптиктер жұма, яғни 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Антициклон жотасы республиканың басым бөлігіне әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек батыс өңірлер циклон жырасының ықпалында болады және атмосфералық фронтальды бөлімдері бар республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды, күндіз еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында, батысында бұршақ жауып, орталықта тұман түседі», - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысынының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысы және орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысвнда, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік түседі.
Маңғыстау облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.