Қазақстанда өткен тәулікте 4880 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Вирустың таралу қарқыны төмендеп келеді

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 4880 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus202.kz.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 315

Алматы қаласы - 1264

Шымкент қаласы - 180

Ақмола облысы - 246

Ақтөбе облысы - 302

Алматы облысы - 282

Атырау облысы - 198

Шығыс Қазақстан облысы - 201

Жамбыл облысы - 99

Батыс Қазақстан облысы - 140

Қарағанды облысы - 648

Қостанай облысы - 237

Қызылорда облысы - 133

Маңғыстау облысы - 239

Павлодар облысы - 265

Солтүстік Қазақстан облысы - 75

Түркістан облысы - 56

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 798 671 адамға жетті. Оның 691 480-сы емделіп шықты.