Жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды
Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Қазір марқұмның жеке басы анықталуда.
Осымен Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған бір адам іздестірілуде.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.
Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.