23-29 тамыз аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілді
Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 250-ден астам құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 23-29 тамыз аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілді. Оған облыс көлемінде барлық жергілікті полиция қызметкерлерінің полицейлері жұмылдырылған. «Бір апта ішінде Отырар АПБ-нің полицейлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 250-ден астам құқықбұзушылықты анықтады.
«Жол жүру ережелеріне тоқталар болсақ, жүргізушінің көлік құралын алкогольге және есірткіге масаң күйде басқаруы немесе масаң күйдегі адамның басқаруына беруіне қатысты – 2, жаяу жүргiншiлердiң жол жүру қағидаларын бұзуына қатысты – 59, мiндеттi техникалық тексеруден өтпеген көлiк құралын басқаруға қатысты – 14, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефон пайдалануына қатысты – 18, қозғалыстың қарсы жолағына шығуға қатысты – 2, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 9, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 1 жайты анықталды», - делінген ПД хабарламасында.