Елордалық қоғамдық көліктер қатары жаңа бағытпен толықты
31 тамыздан бастап елордалық қоғамдық көліктер қатары жаңа № 26 қалалық бағытпен толығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа бағдар «Агроқалашық («Айдана» дүкені) – «Бағыстан» ТК» хабарламасымен қатынайтын болады және Байсейітова, Конституция, Қарталы, Қарасай батыр, Біржан Сал, Гёте, Есенберлина, Бейбітшілік көшелері мен Бөгенбай батыр, Сарыарқа, Тұран, Ұлы дала даңғылдары арқылы жүреді», - деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.
Осылайша, жаңа бағдар «Бағыстан» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.