$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.08.2021, 09:36
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын! Атазаңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды.Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және тікелей атсалысуымен әзірленген еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміздің және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры болып саналады»,- деді Президент.

Тоқаев Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашатынын атап өтті.    

«Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, әділ  мемлекет құрамыз. Басты мақсатымыз – халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Атазаңымыз ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Тәуелсіздік рухы әрбір жолында көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!», - деді Мемлекет басшысы.

 
Серіктес жаңалықтары