Токиодағы паралимпиада: қазақстандық спортшы күміс жүлде иеленді

Автор: Azattyq Rýhy

Зарина Байбатина паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр

Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz

Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. 

Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын. 

Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы.