28.08.2021, 11:28
Жаңалықтар
Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Апаттан 13 адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыстан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Еске салайық, 26 тамыз күні Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер базасында өрт шығып, артынша бірнеше жарылыс болды. Апат салдарынан 12 адам қаза тапқан. Жүзге жуық адам жараланды.
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», - деп жазды Президент өзінің Twitter-парақшасында.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды