Қазақстанда өткен тәулікте 6233 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауырғандардың жалпы саны 774 мыңға жуықтады

Vlast.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 6233 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Вирустың жұғу қарқыны Алматыда әлі де бәсеңедемей тұр. Жалпы аймақтар бойынша көрсеткіш мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 602
  • Алматы қаласы – 1506
  • Шымкент қаласы – 246
  • Ақмола облысы – 258
  • Ақтөбе облысы – 420
  • Алматы облысы – 436
  • Атырау облысы – 315
  • Шығыс Қазақстан облысы – 191
  • Жамбыл облысы – 157
  • Батыс Қазақстан облысы – 115
  • Қарағанды облысы – 815
  • Қостанай облысы – 256
  • Қызылорда облысы – 177
  • Маңғыстау облысы – 213
  • Павлодар облысы – 335
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 120
  • Түркістан облысы – 71.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 773 934 адамға жетіп отыр. Олардың 656 887-і емделіп шыққан.