Бірлескен отырыс 1 қыркүйекте өтеді
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп жазылған өкім мәтінінде.