27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республикамыздың солтүстігі мен солтүстік-батысында жаңбыр жауады

 

Синоптиктер жұма, яғни 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен солтүстікте, солтүстік-батыста, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында бұршақ жауады», - делінген хабарламада.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ жауады.

Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.