Бұл мамандар аймақтағы студенттер мен фермерлерге білім береді
Солтүстік Қазақстанда мал мен құсқа вакцина қоятын мамандар даярлайтын орталық ашылмақ. Франциялық серіктестерпен бірлескен жоба Қозыбаев университетінде жүзеге асырылады.
Франциялық ветеринарлық фармацевтикалық компания мал мен құсқа арналған дәрі-дәрмектер мен вакциналарды зерттеу, әзірлеу және өндірумен айналысады.
«Біз Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға ниеттіміз. Ал, Қозыбаев университетімен жобамыз дәл біздің технологияларды енгізумен байланысты. АҚШ, Ресей, Түркия, Еуропада сынды әлемнің түкпір-түкпірінде біздің өкілдеріміз бар. Компоненттердің әрқайсысы үшін біз халықаралық мамандарды тренингке тартатын боламыз», - деді кездесуга келген компания өкілі Ферхат Бильтекин.
Алдымен олар Агротехнологиялық факультеттің оқытушыларын жаттықтырушы ретінде дайындауды жоспарлап отыр, олар аймақтағы студенттер мен фермерлерге білім бере алады. Осы мақсатта университетте ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялауды үйрету үшін сертификаттау орталығы ашылады. Мамандандырылған аудитория «айна кеңсесі» қағидаты бойынша жобаланады және барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталады. Біздің студенттер мен оқытушылар үшін сертификаттар тегін беріледі.
«Біздің университет түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуы үшін қажетті қаражат бөледі. Дипломнан басқа, олар жұмыс берушілер ұсынған халықаралық танылған компаниядан арнайы сертификат алады. Жергілікті студенттер, болашақ зоотехниктер, жануарларды вакцинациялаудың француз технологияларын меңгере алады. Демек, Солтүстік Қазақстан облысына осы сала жаңа серпіліс береді», - деді Қозыбаев университетінің ректоры Ерлан Шұланов.
Бұл ауқымды жобаның бастауы Қозыбаев университеті мен серіктес компаниялар арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға бағытталды.
«Оқу орталығын ашу үшін әріптестеріміздің біздің университетті таңдауы кездейсоқ болған жоқ. Агротехнологиялық факультеттің білім беру бағдарламалары дәстүрлі түрде республикадағы 10 үздіктің қатарына кіреді. Прогрессивті ғылыми зерттеулер, оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттары және Қытай, Ресей және басқа елдердің шетелдік серіктестерімен бірге жүргізілуде. АФ 750 студенттерінің 90% -дан астамы грантта оқиды, бұл студенттердің жоғары білімдері мен ынталарының көрсеткіші», - деді Шұланов.
Іс –шараға облыстағы ірі шаруа қожалықтарының белсенді ветеринарлары, технологтары мен мамандары қатысты. Олардың қатарды «Мәмбетов және К» КС, «Қызылжар Сүт» ЖШС, «Арқалық» ШҚ, сондай-ақ, ветеринарлық станция мен СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы болды. Сонымен қатар, шара барысында халықаралық компаниялардың өкілдерімен және жергілікті ғалымдармен тәжірибе алмасу үшін университетте ұйымдастырылған диалог алаңында ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайын жақсарту тақырыбы да көтерілді.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО