Батырбек Байбосынов қызметінен босатылды
Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Сондай-ақ Батырбек Бердібайұлы Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.