70-79 жас аралығындағы 135 938 қария І компонентпен қамтылды
Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Зейнет жасындағы ел тұрғындары қоғам денсаулығын сақтауға белсенді үлес қосып отыр. 24 тамыздағы мәлімет бойынша 70-79 жас аралығындағы 135 938 қария І компонентпен қамтылса, олардың 106 932-сі толық вакцинация курсынан өтті. 80-89 жас аралығындағы 32 866 зейнеткер екпе салдырған.
«Ал 90 жастан асқан 1417 қария коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (264), Түркістан (250) облыстары мен Алматы қаласының (210) тұрғындары», - делінген хабарламада.